Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша оқуға өтінімдер қабылдануда

30.06.2020, 14:35 1061

HALYQLINE.KZ «Бизнес-мектеп» құралы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалдық бағыттарына оқыту 10 (он) жұмыс күні ішінде күндізгі оқу және/немесе қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын оператордың веб-порталында қашықтықтан оқыту арқылы жүргізіледі.

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша қызметті моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді.

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша қызмет кәсіпкерлікті қолдау бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолдауды пайдаланбаған, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін ақысыз негізде ұсынылады.

Өтініштер қағаз жүзінде және электронды нысанда қабылданады.

  • қағаз түрінде «Бизнес-мектеп» құралы бойынша мемлекеттік қызметті қаржылай емес қолдау операторы Кәсіпкерлер палатасындағы КҚКО-на, КҚКО бөлімшелеріне жүгіну арқылы,
  • электрондық нысанда – «электрондық үкімет» веб-порталында.

Қажетті құжаттар тізімі:

– өтінім (қоса берілген);

– жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

– өтініш берушінің санатын растайтын құжат:

1. кәсіпкерлікті қолдау бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолдауды пайдаланбаған, жұмыспен қамтылған тұлға үшін – жұмыс орнынан анықтама

2. бастауыш немесе әрекет етуші кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

– Call-center – 1432

– Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы, Желтоқсан көшесі, 12, тел. 8/7242/400981,

– Жауапты тұлға: Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы -Елеусінова Гауhар Ыбрайқызы, тел. 8 7242 400874.

Жұмыс кестесі: Дс-Жм, сағат 9.00-18.30, үзіліс: 13.00-14.30

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: