HALYQLINE.KZ Қазақстанда бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды төмендетуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Тағы бір мақсат – бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Жаңа экономикалық саясатқа негізделген кәсіпкерлікті қолдаудың тетігін әзірлеу қажеттігі бар. Саладағы реттеу іс-шараларын жаңа қадамдардан бастауға тапсырма берген едім, бұл өз кезегіне бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды айтарлықтай төмендетеді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы 2020 жылдың соңында тиісті Жарлыққа қол қойғанын еске салды.
– Оған сәйкес, Үкімет маңызды заң жобасын даярлап жатыр. Құжат 2021 жылдың маусым айында Мәжілістің қарауына енгізіледі. Осы орайда кәсіпкерлер ұсыныстары мен қоғамдық мүддені ескере отырып, аталған заң жобасын депутаттардың жан-жақты қарауын сұраймын, – деді Қ.Тоқаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!