HALYQLINE.KZ Бесарық ауылына қарасты «Бесарық » ЖШС тың жоба түйеқұс өсірумен айналысуға кірісті. Бұл құсты өсіріп, бағудың өзіндік қиындығы бар. Соған қарамастан «Абай-Дәулет» ЖШС демеушілігімен Африка елінен түйеқұстың 4 жанұясы, 4 еркек 8 ұрғашы, барлығы 12 данасы жеткізілді.
Түйеқұстарын өсіріп, пайда алып отырғандар елімізде сирек кездеседі. Ересек түрлерінің салмағы 75-80 килоға дейін жетеді. Бойы 170-190 см. Алдағы уақытта жергілікті климатқа жерсіндірілсе, Африкадан түйеқұстардың тағы да 100 данасын жеткізу шаруашылық жоспарында бар. «Еңбек түбі – береке» деп дана халқымыз айтып кеткендей ауданда бұрын-соңды болмаған түйеқұстың өзін ауылда өсіріп, одан сапалы өнім алуды кәсіпке айналдырып отырған шаруашылықтың ісі көпке үлгі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!