Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Базар басшыларымен кездесті

24.01.2025, 8:50 63

HALYQLINE.KZ

Бүгінде Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде «Али Мұса», «Орын-Ай», «Болашақ», «Арзан», «Ару Илия» сынды базарлар мен көптеген сауда орны жұмыс істеуде. Базарлар мен сауда орындары халықтың ең көп шоғырланатын орындары болғандықтан санитарлық тазалығы, абаттандырылуы барлық талапқа сай болуы тиіс. Аталған мәселелерге байланысты аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет базар басшыларымен кездесті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында аудан басшысы орталықта орналасқан базарлар мен сауда орындарындағы санитарлық талаптардың сақталмауы мен ондағы өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеуі және сатушылар мен келушілерге жағдай жасалмағандығын қатаң сынға алды. Осыған сәйкес базар басшыларына сауда орындарының барлығын заманауи қалыпқа келтіріп, қаншама уақыттан бергі ескірген базар ғимараттарына жөндеу жүргізіп, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының эскиздік жобаларын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ Әйтеке би кентінің әкімі мен тиісті сала басшыларына базар басшыларымен бірлесе отырып, аталған кемшіліктердің барлығын 2 ай мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.

Аудан әкімі базар басшыларына алдағы уақытта сауда орындарының барлығы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Арзан» базары секілді келушілер мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы, абаттандырылуы, тазалығы жағынан барлық талапқа сай болуы керектігінде айтып өтті.

– Аудан орталығындағы бұл базарларға аудан тұрғындарынан бөлек көршілес аудандардан қаншама ауыл-аймақтардың тұрғындары келіп сауда жасайды. Сондықтан да ондағы тұрғындарға жасалатын жағдай, әсіресе тазалығы жағынан ешқандай кемшілік болмауы тиіс. Әрбір адам адал еңбектермен кәсіп жасап отырған орындарын таза ұстауы тиіс. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы – біздің ортақ абыройымыз, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ жиын барысында аудан әкімі осы уақытқа дейін орталық базарлардағы болған кемшіліктерге бақылау орнатпаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы басшыларының жауапкершілігін арттыруды және кент әкіміне базар маңындағы тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: