Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Атамекенге» – 8 жыл: қызылордалықтарға 60540 кеңес берілді

10.09.2021, 12:35 355

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен сегіз жылда кәсіпкерлікпен айналысқысы келген азаматтарға 60540 кеңес берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Палата кеңесшілері аймақтың 13414 кәсіпкеріне сервистік қызметтер көрсеткен, яғни бухгалтерлік және салықтық есептерін тапсырып, бизнес-жоспарларын әзірлеген.

«Бизнес мектеп» компоненті аясында 7083, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 11670 азаматты оқытты. Бүгінде бастаулықтардың 6732-сі өз кәсіптерін ашты. Сондай-ақ, біздің кеңесшілеріміз сегіз жылда 1833 бизнес жоспар дайындады. Осы жоспарлардың ішінде жалпы құны 3 млрд 450 млн теңгені құрайтын 690 жоба қаржыландырылды», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Кәсіпкерлер палатасы қызметінің бірі – жергілікті тауарөндірушілерге сертификаттар беру. Бұл қызметті Палата 2015 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Алты жылда облыс кәсіпкерлері Палатадан 7922 сертификат алған. Бұл сертификаттар тауардың шығу тегіне, өнімді экспорттауға беріледі. 

«Облыс кәсіпкерлері Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Тайвань, Латвия мен Швейцарияға күріш, балық өнімдерін, мұнай, ванадий рудасын, кальций молибдатын, кварцтық құм, цементті экспорттап жатыр», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Айта кетейік, 8 жылда Кәсіпкерлер палатасы мамандарымен кәсіпкерлердің 8,8 млрд теңге қаржысы қорғалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: