Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық компания кварц концентратын шығарып жатыр

29.07.2022, 12:45 519

HALYQLINE.KZ 2020 жылы Арал ауданында «Aral Quartz» ЖШС-нің кварц құмын тау-кен байыту комбинатының I кезеңі іске қосылды. Жоба құны – 1 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 70 мың тонна құрайды. Аталған жоба индустрияландыру бағдарламасы аясында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.

Бүгінде байытылған кварц құмын құрғақ құрылыс қоспаларының, лак-бояу бұйымдарының, суды тазарту жүйелерінің өндіріс барысында және мұнай өнеркәсібінде қолдануда.

Айта кетейік, 2023 жылы өнім көлемін 70 мың тоннадан 450 мың тоннаға ұлғайту мақсатында тау-кен байыту комбинатының II кезеңінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: