Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданының тұрғыны ерекше кәсіпті қолға алды

04.07.2024, 16:25 236

Сыр өңірінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тек белгілі бір бағаттағы кәсіптерге ғана емес, ерекше бизнес идеяларға да қолдау көрсетілуде. Бір қуантарлығы, мемлекет тарапынан өз кәсібін ашқысы келетіндердің көбі – жастар.

Бұған дәлел, Арал ауданындағы жас отбасы Әсел жолдасымен бірге ерекше кәсіпті қолға алды. Олар өздерінің алғашқы кәсібін «Ауыл аманаты» жобасы арқылы өткен жылдан бастап 8,4 млн теңге несие алып, автокөліктерге арналған бояу таңдау дүкенін ашқан.

Әсел Төрениязова мен жолдасының айтуынша, жергілікті жерде бұл кәсіп түрі дамымаған. Тіпті, Арал ауданынан бөлек, көршілес аудандардан да келіп көліктерінің бояуын жасатып жатады екен. «Осы кезге дейін аудан тұрғындары бұл қызмет түрін Ақтөбе немесе Қызылорда қаласына барып жасататын көрінеді. «Өзімізде қашан өндіреміз?» деген сауал жиі-жиі көтерілгенімен, іс жүзіне аса алмай келген. Міне, енді бұл сауалдың да жауабы табылғандай», – дейді көлік жүргізушілері.

«AutoLux» деп аталатын көлік бояуларын жас отбасылар франшиза арқылы Алматы қаласынан алдыртуда. Сұраныстың жоғары болуына сай дүкенде күніне 5-6 тапсырыс түсіп, айына миллионнан астам табыс табуда. Алдағы уақытта Әсел Серікқызы аталмыш дүкенін Қазалы ауданынан да ашып, дүкендер желісін құрмақшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: