Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алдағы бес жылда аймақта 87 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

30.01.2025, 18:25 52

HALYQLINE.KZ

Аймақтағы кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Білімсіз бизнес деңгейі биіктемейтінін ескерсек, білікті мамандардың арқасында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 21,7%-ға артты. Жалпы, алдағы бес жылдықта, яғни 2025-2029 жылдары аралығында өңірімізде 87 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни 8 мың 300 жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дәурен Әбілқайыров баяндады.

– 2024 жылы бірқатар жұмыс атқарылды. Ірі жобаның бірі – Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы. Әуежайды әрі қарай дамыту мақсатында вьетнамдық «Sovico Group» компаниясымен Қорқыт Ата әуежайын сенімгерлік басқаруға беру үшін келіссөздер жүргізілуде. Мемлекет басшысының аэрохабтарды дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес әуежай жанынан арнайы экономикалық аймақ құру бойынша тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатта әуежай маңынан 550 га жер белгіленді. Ірі жобамыздың бірі – қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы. Атап өту қажет, облыстың энергияға қажеттілігі күніне 212 МВт-ты құраса, аймағымызда жалпы қуаты 89,1 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеуде. Аталған 5 жоба іске қосылғанда өңіріміз толықтай жасыл энергетикаға көшетін болады. Өңірдің инвестициялық жобаларын қаржылық қолдауда «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» бірлесіп белсенді жұмыс жүргізілуде. Қор арқылы 7 жоба қарастырылуда. Үкіметтің қолдауымен былтыр құрылысы басталған азық-түлік өнеркәсібіне бағытталған әрқайсысы 2000 шаршы метр екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады, – деді Дәурен Тұрғанбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: