Бүгінгі сатира
Өзін сүйретіп алып кепті,
«Ойбай, әншілерге салық кепті!».
Деп әнші әйеліне айтар кезде,
Лап етіп, жанып кетті…
Талай әнші талып кетті,
Көңіл күйлері көң астында,
Сасып, бықсып, қалып кетті,
Бір әнші омақаса құлап,
Оны «жедел жәрдем» алып кетті!
Бірі жылап отыр,
Бірі біреуден қарызды,
Ұялмай сұрап отыр…
Тілдері салақтап кетті,
Көздері алақтап кетті,
Милиондар төлеуге келгенде,
Жан-жағына жалақтап кетті…
Шайларына шашалып қалды,
Ішпей-жемей қақалып қалды.
Тойлардан тапқандары,
Таусылуға тақалып қалды!
Беттері бүрісіп қалды,
Фонограмма айтқыштарға,
Көршілері күлісіп қалды!
Ұйқылары қашып кетті,
Милары ашып кетті,
Салықтан хабар келгенде,
Шетелге асып кетті,
Бірін-бірі басып кетті…
Бұрын салық төлемейтін,
Жолдарын ешкім бөгемейтін,
Анау да әнші, мынау да әнші,
Кедейлерге көмектесіп,
Көгермейтін…
Енді міне, қызық болды,
Салық оларды,
«Сызып» қойды,
Жетер енді,
Халықтың арқасында,
Әбден тойды!
Қысқасы, салық деген,
Іремей сойды!
Мұхтар ШЕРІМ
Коллаж: ulysmedia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!