Бішкекте жылу электр орталығында апат болды, – деп хабарлайды Halyqline.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қырғызстан энергетика министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, апаттың салдарынан үш адам зардап шеккен. Апат себебі нақтыланбады.
- Тұтынушыларға электр энергиясы үздіксіз беріліп жатыр. Алайда қаланың жылу режимін сақтау үшін ыстық су беруге шектеу қойылды, ал мектептер мен балабақшалар онлайн-оқуға көшірілді, – деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!