HALYQLINE.KZ
Канаданың Манитоба провинциясында жер бетіндегі жыландардың ең көп шоғырланған жерін көруге болады. Жыл сайын көктем келіп, жер жылыған соң Манитобадағы Нарсисс деген шағын қалаға таяу жердегі үңгірге 50000-нан астам жылан жинала бастайды. «Неге?» деген ой бірден келеді. Осы кезде жыландардың 2-3 аптаға созылатын жергілікті халықтар «Неке биі» деп атап кеткен «махаббат маусымы» басталады.
Алдымен еркек жыландар шыға бастайды, қысқы уақытта қозғалыссыз тынығып алған олар далаға шыққасын ұрғашы жыландардың шығуын асыға күтеді. Ұрғашы жыландар інінен шығу бойына еркек жыландар тап береді, бір ұрғашы жыланға бірнеше ондаған еркек жылан жабылады, олар шар сияқты домалап кетеді, ішіндегі ең күштісі және аузының салымы барына бұйырады, қалғандарының салы суға кетіп, бастары төмен қарап, келесі көктемді үмітпен күтеді.
Ұрғашы жыландар еркегіне қарағанда ірі әрі ұзын болады, жаздың соңында «босанып», жарық дүниеге 40-50 майда жыланды жұмыртқалап туады, олар жерге түсу бойынша жарылып кетіп, жан-жаққа жорғалап қорек іздеп кетеді. Олар өте тез өседі, салқын түсе бастағанда олар да інге түскеннен кейін жаңбыр мен қардың үңгірге түскен ылғалынан келген қорегін алып, қыстай өсіп, көктемде далаға жорғалап шыққанда олар да «махаббат маусымына» жарамды болады.
АҚШ-тың Орегон штатындағы университеттің зоология профессоры Дж. Маэйсонның сөзіне қарағанда Нарсисс інінде шамамен 35000 жылан бар, ал бүкіл провинциядағы төрт үнгірде 250000 жылан бар көрінеді. Олар ұзындығы төрт шақырымға созылатын жер астындағы жолмен бір-бірімен байланысып жатады және жыландар адам үшін қауіпті емес екен. Провинциядағы осы жыландардың «Махаббат маусымын» көру үшін туристерге биік платформа салған, сол жерде тұрып жылына бір келетін қызықты тамашалайды.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!