Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолаушылар ұшағы қону жолағында аударылып қалды

18.02.2025, 8:50 231

HALYQLINE.KZ

Бүгін түнде Канаданың ірі қаласы Торонто әуежайында төтенше жағдай болды – бортында 76 жолаушы бар ұшақ қатты желдің салдарынан аударылып қалды. 18 адам жарақат алды.

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиға туралы Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-тың Миннеаполис қаласынан келген Delta Airlines ұшағы қону кезінде бүйіріне аударылып кеткен. Төтенше жағдай кезінде ұшақ бортында 80-ге жуық адам болған.

Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясына сілтеме жасаған CTV арнасының ақпаратына сенсек, төтенше жағдай кезінде ұшақта 76 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.

Барлығы 18 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Олар ауыр жарақат алмағаны атап өтілді.

Сол арада әлеуметтік желілерде ұшақ пен әуежайдан түсірілген кадрлар пайда болды.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та ұшу-қону жолағында ұшақтың қозғалтқышынан түтін шыққаны туралы жазылған. Ұшақтың 200-ден астам жолаушысы кеменің қозғалтқышында ақау болғаннан кейін АҚШ-тағы әуежайдың қарлы ұшу-қону жолағына шұғыл түрде эвакуацияланды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: