Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолаушылар ұшағы өртенді

28.07.2025, 1:40 169

АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда бортында 179 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Майами қаласына бет алған лайнер шассидегі ақауға байланысты ұшуын тоқтатуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына дәл осы техникалық ақау себеп болған.

Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам жарақат алған. Жолаушылар салоннан шұғыл жағдайда арнайы сырғымалы траптар арқылы эвакуацияланды.

Оқиғаға байланысты әуежайда шамамен 100 рейс кешіктірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Тергеумен АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы айналысуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: