Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған

25.02.2025, 8:35 41

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 11 адам ұсталды. Олардың арасында Жогорку Кенештің бұрынғы депутатыда бар, – деп хабарлайды  halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Азаматтарды елде ойран салу және мүлікті қиратумен ұласатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға шақырғаны және дайындағаны үшін Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты және тағы 10 адам ұсталды.

Қырғызстанның ІІМ мәліметтері бойынша «Кырк уруу жети дубан ынтымағы» қоғамдық бірлестігінің жекелеген мүшелері тұрақты түрде кездесулер өткізіп, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған жаппай тәртіпсіздіктер, наразылық акциялары мен митингілерді ұйымдастыруға азаматтарды дайындауды және шақыруды жүзеге асырған.

ҚК ҚК-нің 278-бабы «зорлық-зомбылыққа ұласатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде гранаталар, мылтықтар, тапанша, оқ-дәрілер, камуфляж, есірткі заттары, діни әдебиеттер, арнайы маскалар (балаклавалар), жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар, суық қару, автомобиль нөмірлері, ұялы телефондар, флэш карталар тәркіленді.

Барлық 11 азамат, оның ішінде Парламенттің бұрынғы депутаты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: