Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа президент сайланды

13.02.2025, 17:55 60

 Грекия парламенті бұрынғы спикер, «Жаңа демократия» партиясының мүшесі Константин Тассуласты ел президенті етіп сайлады. Оны дауыс беруге қатысқан 276 депутаттың 160-сы қолдаған, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент болып сайлану үшін Тассулас кемі 151 дауыс жинауы керек еді. Ол енді Грекияның алғашқы әйел-президенті Катерина Сакелларопулдың орнына келеді. Мемлекет басшысы қызметіне наурыздың 13-нен бастап кіріседі. Константин Тассулас 66 жаста.

Бұған дейін Мәдениет министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: