Бұл туралы елдің уақытша президенті Делси Родригес мәлімдеді.
Ол мұндай хабарламаны мемлекеттік VTV телеарнасының эфирінде жасаған.
Осылайша, Венесуэла билігі қаза тапқан әскери қызметкерлерді және операция кезінде қырылған басқа да адамдарды, жалпы алғанда елді қорғау жолында жан тәсілім еткен азаматтарды еске алу мақсатында жеті күндік ұлттық аза тұту жариялап отыр.
– Мен шешім қабылдадым: Венесуэла халқын қорғау үшін өмірін құрбан еткен азаматтарды құрметпен еске алу үшін жеті күндік аза тұту жариялаймын, – деген Родригес.
Венесуэланың уақытша президентінің және басқа да билік өкілдерінің айтуынша, аза тұту елді және президент Николас Мадуроны қорғау кезінде өмірін қиған жас әйелдер мен ерлердің құрметіне жарияланған.
Ол қаза тапқандар республиканың ең жоғары құндылықтары жолында жанын қиған шейіттер ретінде тарихта қалатынын айтты. Сонымен қатар, ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау қажет екенін ескертіп, халықаралық қауымдастықты Венесуэлаға қысым мен сыртқы шабуылдарды тоқтатуға тағы да шақырған.
Аза тұту кезеңінде ел аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылады.
Фото: www.aa.com.tr
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!