HALYQLINE.KZ Жапонияның 50 мыңнан астам тұрғыны екінші жүзжылдыққа қадам басқан. Ендігі 15 жылда бұл елде миллиондаған жапон өмір сүретін болады. Бір қызығы, бұлай ғасыр жасап, ұзақ ғұмыр кешу басқа елде тіркелмеген.
Мұның сыры неде деп сұраса, көпшілік «олар теңіз өнімдері мен балдырларды жейді» деп жауап береді. Теңіз жағасында өмір сүретін, үнемі теңіз өнімдерін тұтынатын ел көп, дегенмен халқы аз. Демек, теңіз шаяндары жапондарға ұзақ ғұмыр сыйламайды. Әлде олар сиқырлы сусын (элексир) іше ме екен?
Мұның құпиясы мынада: жапондар ешқашан бір-бірінің де, өзінің де көңіл-күйін түсіргісі келмейді. Олар осындай құндылықпен әлем халықтарынан ерекшеленіп тұрады.
Олардың күріш егетін жерлері де аз, табиғи байлықтары да көп емес. Осындай экономикалық жағдайға қарамастан, олар рухани күшке бай. Сонымен қатар, жапондар әлемдегі ең бай ұлт саналады. Бұл елдегі орташа айлық үш жарым мың АҚШ долларын құрайды.
Елдің осындай жетістікке жетуінің басты сыры мынада болса керек: жапондар ең алдымен өз ойларын тізгіндеуді үйренген. Олар теріс ойлар адамның көңіл-күйін түсіріп ғана қоймай, денсаулыққа, болашаққа кері әсер етеді деп түсінеді, сол себепті сөздік қорларынан «жоқ» деген сөзді алып тастаған.
Бұл елдің жетідегі баласынан жетпістегі қартына дейін теріс пікірден, кері ойдан бойларын аулақ ұстайды. Әлемнің кей тұрғындары болашақтың осы ойдан басталатынын ұғына бермейді: ой –болашағыңыздың дәнегі, ойыңызды қалай «суарсаңыз», болашағыңыз да солай өседі. Әр нәрсенің түбі сайлы болуы үшін басы байлы болуы керек.
Демек, ұзақ ғұмыр кешемін десеңіз, теріс ойдан ада болыңыз.
Массагет.кз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!