Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұшақ апатқа ұшырады

14.07.2025, 0:20 146

Лондон маңындағы Саутенд әуежайынан ұшып шыққан шағын ұшақ апатқа ұшырады. The Daily Mail басылымының мәліметінше, әңгіме Нидерландқа бағыт алған Beechcraft King Air B200 бизнес-джеті туралы болып отыр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 15:45-те ұшуы тиіс болған, ал оның межелі бағыты — Лелистад қаласы. Қазіргі уақытта екі қозғалтқышты турбовинтті ұшақтың бортында қанша адам болғаны белгісіз. Мұндай ұшақтарды әдетте 1–2 ұшқыш басқарады және ол 13 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Flightradar қызметінің мәліметінше, ұшақ көтеріле салысымен ұшу-қону жолағына жақын маңда болған. The Daily Mail нақтылағандай, ұшақ шамамен 200 км/сағ жылдамдықпен жерден көтеріліп, бар болғаны 5 метр биіктікке жеткен соң құлаған.

Эссекс графтығында орналасқан Саутенд әуежайынан жексенбі кешіне жоспарланған төрт рейс тоқтатылды. Ал Саутендке бет алған екі ұшақ Лондонның басқа әуежайларына — Гатвик пен Станстедке бағытталды.

Эссекс полициясы әуеапаттың болғанын растады:

“Біз Саутенд әуежайындағы қайғылы оқиға орнында жұмыс істеп жатырмыз. Шамамен 16:00-де ұзындығы 12 метрлік бір ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабар алдық”, — делінген полиция мәлімдемесінде.

“Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық шұғыл қызметтермен бірлескен жұмыс жүріп жатыр, және бұл бірнеше сағатқа жалғасуы мүмкін. Осы аймақты айналып өтуге кеңес береміз”,- делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: