Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркиядағы ереуіл өршіп барады

24.03.2025, 13:03 143

Анкара қаласының мэрі Мансур Яваш Стамбул мэриясының алдында өткен жаппай наразылықтарға қатысты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

21 наурыз түні Яваш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Стамбулға келгенін және наразылықтарға қосылғанын хабарлады. Ол қала әкімшілігі ғимараты орналасқан Сарачхане тарихи ауданында болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Яваш Стамбулға жол тартқанын айтып, Республикалық халық партиясының (CHP) барлық мүшелері, соның ішінде парламент депутаттары, аймақтық жетекшілер мен мэрлер демократия үшін күресуде деп жазған болатын. Өзінің жазбасында ол қамауға алынған Экрем Имамоғлуды “біздің президентіміз” деп атады.

Стамбулдағы наразылыққа сонымен қатар Республикалық халық партиясының төрағасы Озгюр Озель де қатысты.

Айта кетейік, Стамбул мэрі Экрем Имамоғлу 19 наурызда парақорлық пен жемқорлыққа қатысты іс бойынша қамауға алынды. Ол және оның серіктері 4 күн бойы полицияда қамалды.

Билік жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін Стамбулда көлік қозғалысын шектеп, кейбір метро желілерін уақытша тоқтатты.

Алайда 23 наурызға дейін митингтерге тыйым салынғанына қарамастан, Стамбул, Анкара, Измир және басқа қалалардың тұрғындары көшеге шығып, Имамоғлуға қолдау білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: