Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркі әлемінің ең үздік драматургі

14.02.2025, 10:00 118

Жақында Түркияның мәдени астанасы Ыстамбұл қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркия театрлар қауымдастығы және Түркияда шығатын «Театр» газетінің ұйымдастыруымен түркі елдерінің театр қайраткерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Оған дүниежүзінен зиялы қауым өкілдері, Түркияның театр саңлақтары қатысты. Театр өнеріне қатысты әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделер тапсырылды. Халықаралық байқаудың қорытындысымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Думан Рамазанға «Түркі әлемінің ең үздік драматургі» атағы берілді.

Салтанатты жиында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы, жазушы-драматург Сұлтан Раев пен «Театр» еларалық басылымының бас редакторы, белгілі театр сыншысы Нұрхан Услу тапсырды.

– Думан Рамазан бауырымның драмаларымен бұрыннан таныспын. Драманың қыр-сырын жетік білетін, ой-орамын тереңдеткен мықты драматург.  Тарихи тақырыпта да, қазіргі заман туралы да әбден зерттеп-біліп жазады. Ішкі қарама-қайшылық пен эпикалық шиеленісті ерекше бір жүйелі стильде баяндайтын айқын артықшылығы бар. Думан – қазақ драматургиясындағы ерек көрініс, эстетикалық құбылыс, жаңа белес. Оның соңғы жылдары ұлттық сахнада жасаған тарихи полотнолары бүгінгі театрдың биігіне сайма-сай. «Керей-Жәнібек», «Абылай ханның арманы», «Жошы хан» және басқа да тарихи драмаларында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген тарихи көзқарас бейнелеген. Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық драма театрының сахнасында қойылған «Жошы хан» тарихи драмасы қазақ мәдениетіндегі жаңа кезеңнің басталғанын паш етеді, – деді Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев.

.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: