Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп бірден Байденнің 78 жарлығы мен меморандумының күшін жойды

21.01.2025, 8:30 50

HALYQLINE.KZ

АҚШ президенті Дональд Трамп стадионда жақтастарының алдында сөз сөйлей отырып, тоғыз құжатқа қол қойды. Ол бұған дейін Байденнің 80 шешімінің күшін жоюға уәде берген.

РИА Новости хабарлағандай, Трамп Байден әкімшілігін «тарихтағы ең нашар әкімшілік» деп атады.

«Біз жарлықтарға қол қоюдан бастаймыз. Мен бұрынғы әкімшіліктің 80-ге жуық жойқын әрі радикалды шешімінің – тарихтағы ең нашар шешімдердің бірінің күшін жоямын. Жоқ, бірі емес, ең нашары», – деді ол Вашингтондағы инаугурациядан кейін жақтастарына.

РБК мәліметтеріне сәйкес, стадионда жақтастары алдында сөз сөйлеген Трамп тоғыз жарлыққа қол қойған. Оның бұйрықтарының арасында:

Байденнің 78 жарлығы мен меморандумының күшін жою;

федералды үкіметті «толық бақылауға алғанша» жаңа ережелерді қабылдайтын бюрократтарға тыйым салу;

әскерді және басқа да жекелеген санаттарды қоспағанда, мемлекеттік қызметке қабылдауды тоқтату;

барлық мемлекеттік қызметкердің қашықтан жұмыс істеуін тоқтату туралы бұйрық;

барлық федералды ведомстволарды өмір сүру құны дағдарысын шешуге бағыттау;

Париж келісімінен шығу;

АҚШ-тың Париж климаттық келісімінен шығуы туралы БҰҰ-ға хат;

федералды үкіметке сөз бостандығын қалпына келтіруге және цензураны тоқтатуға нұсқау беру;

бұрынғы әкімшіліктің саяси қарсыластарына қарсы сот төрелігін пайдалануға тыйым салу туралы бұйрық бар.

Еске салсақ, Дональд Трамп инаугурация алдында сөйлеген сөзінде ант беру рәсімінен кейін «Байден әкімшілігінің барлық радикалды әрі ақылға қонымсыз бұйрығының» күші жойылатынын айтқан болатын.

Фото: ichef.bbci.co.uk

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: