Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп: Американың алтын ғасыры басталды

21.01.2025, 16:55 71

HALYQLINE.KZ

Трамптың ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен…

Вице-президент Вэнс, спикер Джонсон, сенатор Тун, бас судья Робертс, Америка Құрама Штаттарының Жоғарғы сотының судьялары, президент Клинтон, президент Буш, президент Обама, президент Байден, вице-президент Харрис, менің әріптестерім.

Американың алтын ғасыры басталды. Бүгіннен бастап еліміз гүлденіп, дүние жүзінде қайта құрметке ие болады. Біз кез келген елдің қызғанышына айналамыз және өзімізді енді қайтып өзімізге пайдалануына ешқашан жол бермейміз. Трамп әкімшілігі әр жұмыс күнінде Американың мүдесін бірінші орынға қояды, өте қарапайым.

Біз бүгін осында жиналып отырғанымызда, біздің үкімет сенім дағдарысына тап болды. Көптеген жылдар бойы радикалды және жемқор құрылым азаматтарымыздан билік пен байлықты тартып алды, ал біздің қоғамның рухани тіректері, құндылықтары ыдырап, әбден тозғын болды.

Бүгіннен бастап бәрі өзгереді, тез өзгереді.

Осы сәттен бастап Американың құлдырауы аяқталды. Біздің бостандығымыз бен ұлтымыздың тағдыры бұдан былай кері кетпейді. Біз Америка билігінің бірлігін, қабілетін және адалдығын дереу қалпына келтіреміз.

Соңғы сегіз жылда мен 250 жылдық тарихымыздағы кез келген Президентке қарағанда көп сынақтан өттім және осы жолда көп нәрсені үйрендім. Біздің бастаған ісімізді тоқтатқысы келгендер менің бостандығымды ғана емес, шын мәнінде, менің өмірімді де тартып алмақ болды. Бірнеше ай бұрын көрікті Пенсильванияда жендет мені құлағымнан жаралады, мен тірі қалдым. Иә, мені Құдай Американы қайта құру үшін құтқарды, мұғжиза!

Бүгін мен бірқатар тарихи бұйрықтарға қол қоямын. Осы әрекеттер арқылы біз Америкада түбегейлі жаңару мен қайта гүлдену ұдерісін бастаймыз. Мұның бәрі парасаттылыққа байланысты.

Біріншіден, мен оңтүстік шекарамызда ұлттық төтенше жағдай жариялаймын. Елге заңсыз кіру дереу тоқтатылады, миллиондаған шетелдіктерді келген жерлеріне депортациялау процесін бастаймыз. Мен «Мексикада қалдыру» саясатымды қалпына келтіремін және «ұстап, босату» деген тәжірибені тоқтатамын. Мен ұлтымызға жасалған бұл алапат шабуылға тойтарыс беру үшін оңтүстік шекарамызға әскер жіберемін. Бүгін мен қол қойған бұйрықпен сәйкес есірткі картельдерін де шетелдік террористік ұйымдар қатарына жатқызамыз. 1798 жылғы «Жау күштер туралы» заңға жүгіну арқылы мен үкіметке америка топырағына енген, соның ішінде біздің қалаларымыз бен ішкі қалаларымыздағы – шетелдік бандалар мен қылмыстық топтарды жою үшін федералды және штаттық құқық қорғау органдарының бар күшін пайдалануға бағыттаймын.

Бас қолбасшы ретінде менің ең жоғары міндетім – ұлтымызды қауіп-қатер мен басқыншылықтан қорғау және мен дәл солай істеймін. Біз бұл миссияны бұрын-соңды болмаған деңгейде орындаймыз.

Әрі қарай, мен өз кабинетімнің барлық мүшелеріне рекордтық инфляцияны жеңу және шығындар мен бағаларды жылдам төмендету үшін қолдарындағы бар үлкен өкілеттіктерді пайдалануды тапсырамын. Бұл инфляциялық дағдарыс шамадан тыс шығындар мен энергия бағасының шарықтауынан туындады, сондықтан мен бүгін ұлттық энергетикалық төтенше жағдай жариялаймын.

Америка қайтадан ірі өндіруші елге айналады, бізде ешбір өндіруші елде жоқ нәрсе бар – әлемдегі мұнай мен табиғи газдың ең үлкен қоры бар. Біз оны толық пайдаланамыз.

Біз бағаны төмендетеміз, стратегиялық резервтерімізді молайтамыз және американдық энергияны бүкіл әлемге экспорттаймыз.

Қайта ауқатты ел боламыз, аяғымыздың астындағы сұйық алтын сол межеге жетуге көмектеседі. Біз «Жасыл жаңа келісімді» аяқтаймыз, электр көлігі мандатынан бас тартамыз, дәстүрлі автоөнеркәсіпімізді сақтаймыз, американдық мәртебелі автожұмысшыларға берген қасиетті уәдемді орындаймыз.

Басқаша айтқанда, сіз өзіңіз қалаған көлікті сатып ала аласыз. Біз Америкада тағы да бірнеше жыл бұрын ешкім елестете алмайтын жылдамдықпен көлік жасайтын боламыз.

Мен американдық жұмысшылар мен отбасыларды қорғау үшін сауда жүйемізді кешенді реформалауға дереу кірісемін. Біздің істейтініміз – басқа елдер бай болсын деп өз азаматтарымызға салық салу емес, азаматтарымыз бай болуы үшін шет елдерге тарифтер мен салық салу.

Осы мақсатта біз барлық кедендік төлемдерді, салықтарды және кірістерді жинауға жауапты сыртқы салық органын құрамыз. Шетелден қазынамызға қыруар қаржы құйылады. Американдық арман жақында қайта оралып, бұрын-соңды болмаған бейнеде өркендеп, біздің федералды үкіметтің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіреді. Менің әкімшілігім жаңа Үкімет тиімділігі департаментін құрады.

Сөз бостандығын шектейтін заңсыз және конституциялық емес федералдық шаралардың кедергісін ескеріп мен үкіметтің барлық цензурасын дереу тоқтату және сөз бостандығын Америка Құрама Штаттарына қайтару туралы бұйрыққа қол қоямын.

Мен мемлекеттің ұлы күшін саяси қарсыластарды қудалауға пайдаланудың салдарын жақсы түсіндім. Біз мұндай жағдайдың қайталануына жол бермейміз. Бұл енді қайталанбайды. Менің басшылығыммен біз конституциялық заң үстемдігі аясында әділ, тең және бейтарап сот төрелігін қалпына келтіреміз.

Біз қалаларымызға тәртіп орнатамыз. Осы аптада мен әлеуметтік инженерия арқылы қоғамдық және жеке өмірдің барлық аспектілеріне нәсілдік және жыныстық кеңпейілдік танытатын үкімет саясатын тоқтатамын.

Біз әркім терінің түсіне қарамастан қабілетіне қарай бағаланатын қоғамды құрамыз. Бүгіннен бастап АҚШ үкіметінің ресми саясаты мынадай болады: тек екі жыныс бар – ер және әйел.

Біз 2017 жылғыдай әлем бұрын-соңды болмаған ең қуатты армияны жасақтаймыз. Біз жетістігімізді жеңген шайқастармен, аяқтаған соғыстармен емес, әлі кірмеген соғыстармен бағалаймыз.

Президент МакКинли біздің елімізді кедендік тарифтер мен өзінің тапқырлығы арқылы өте бай етті. Ол Теодор Рузвельттің көптеген ұлы жетістіктерін, соның ішінде Панамаға ақымақтықпен берілген Панама каналын қаржыландыр үшін туылған бизнесмен болды, ойланыңыз. Америка Құрама Штаттары Панама каналына бұрын-соңды жұмсалған көп ақша жұмсады, көп ақша… Панама каналының құрылысында 38 000 адам қаза тапты. Ешқашан болмауы керек мұндай ақымақ сыйлық бізді өте көп әділетсіздікке ұшыратты және Панаманың бізге деген міндеттемесі бұзылды. Біздің келісімнің мақсаты мен шарттың рухы толығымен жойылды. Американдық кемелер шамадан тыс ақы төлейді және оларға ешқандай әділеттілік көрсетілмейді, оған АҚШ Әскери-теңіз күштері де кіреді. Ең бастысы, Қытай Панама каналын пайдаланады. Қытайға емес, Панамаға бердік қой, енді кері қайтарып алғымыз келеді.

Нью-Йорктен Лос-Анджелеске, Филадельфиядан Феникске, Чикагодан Майамиге дейін, Хьюстоннан Вашингтонға дейін біздің ұлтты біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыз үшін өмірлерін қиған неше буын құрды. Олар фермерлер мен солдаттар, ковбойлар мен зауыт жұмысшылары, болат өңдеушілер мен көміршілер, полиция қызметкерлері мен пионерлер болды. Олар алға ұмтылды, ешбір кедергінің олардың рухы мен намысын жеңуіне жол бермеді. Бірге жұмыс істей отырып, олар темір жол салды, зәулім ғимараттар тұрғызды, ғажайып тас жолдар салды, екі дүниежүзілік соғыста жеңіске жетті, фашизм мен коммунизмді талқандады және кез келген сынақты жеңді.

Осы ортақ тәжірибелерден кейін біз қазір Америка тарихындағы ең үлкен төрт жылдың басында тұрмыз. Сіздің көмегіңізбен біз Американың уәдесін қалпына келтіреміз және біз өте жақсы көретін елді қалпына келтіреміз. Біз бір халықпыз, бір отбасымыз, Құдайдың назарындағы даңқты елміз.

Дереккөз: abai.kz

Сурет: asiaplustj.info.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: