HALYQLINE.KZ TikTok әлеуметтік желісінің бейнелерінде жиі кездесетін 50 қала аталды, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вounce сайтына сілтеме жасап.
Bounce жыл сайын TikTok платформасында ең көп қаралған туристік бағытты анықтайды және Travel Index рейтингін жасайды. Осы жылы бұл үшін 140 түрлі қала қаралым саны бойынша деректер талданды және ең танымал 50 қала анықталды.
Қазақстанның бірде-бір қаласы рейтингке енбеген, ал жақын көршілерден тек Өзбекстанды ғана атап өтуге болады. Ташкент тізімнің 49-позициясында орналасқан.
TikTok-та 81,8 миллиард рет қаралған Дубай ең танымал қала болды.
Екінші орында – Нью-Йорк (өткен жылы ол тізімді бастады). Оның 59,5 миллиард қаралымы бар.
Үшінші орында – Лондон. Ол 36,8 миллиард рет қаралды.
Бестікке Ыстамбұл (34 миллиард қаралды) және Париж (33 миллиард) кірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!