Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шенеунік шу шығарды

07.04.2025, 8:57 97

Сиднейде Малайзиядан Австралияға ұшып шыққан рейстің экипаж мүшесіне шабуыл жасаған иорданиялық шенеунік Шади Тайсир Айед Әл-Саади ұсталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

46 жастағы Әл-Саадиге AirAsia авиакомпаниясының ұшағынан апаттық шығу жолдарын ашуға тырысқаны және стюардессаға шабуыл жасағаны үшін айып тағылып отыр. Ол әуе кемесі Сидней әуежайына қонғаннан кейін ұсталды.

Сонымен бірге,басылымда айтылғандай, әл-Саадидің өзі дәрі-дәрмек пен ұйықтататын дәрілерді қабылдағанын және оқиға туралы ештеңе есінде жоқ екенін айтты. Одан бөлек Иорданиядан келген шенеунік рейске отырар алдында ішімдік ішкен.

«Иордания азаматын кепіл арқылы босатудан бастартылды»,- делінген басылымда.

Айыпталушының бұрын соттылығы болмаған. Ол сәрсенбіде сот алдында жауап береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: