Әлгінде Украина әскері Ресей жағында шайқасқан Қытайдың екі азаматын Донецк облысындағы Тарасовка және Белогоровка елді мекендерінің маңында тұтқынға түсірген.
Тұтқынның бірі – 1991 жылғы жігіт. Ресей агенттері Қытайда жүргенде-ақ арбап, соғысқа шақырған. Мәскеуге 2025 жылдың ақпанында барып, келісімшартқа қол қойған.
Екінші тұтқын – 1998 жылғы жігіт. Ресейге 2024 жылдың желтоқсанында турист ретінде барған. Интернеттен соғысқа өз еркімен барғандарға 2 млн рубль төленеді деген жарнамаға еріп, өз еркімен келісімшартқа отырған. Ол тұтқынға беріліп жатқан сәтте, тылдағы Ресей сарбаздары оны жарып жіберу үшін газды жарылғыш затпен атқылаған. Салдарынан қытайлық тұтқын уланып қалған. «Өлген жерім осы екен» деп жатқанда, Украина әскері оны тұтқынға түсіріп, жанын сақтап қалған.
Укарина қазір Ресей үшін соғысып жүрген 155 қытайдың деректері бізде бар дейді. Олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.
Жалпы, бұл соғыс Ресейдің артын әжептәуір ашты. «Әлемнің екінші әскері» деп әсіре әспеттелген Ресейдің әскери билігі мобилизация жариялауға, Солтүстік Корейден әскер шақыртуға, түрмедегілерге ақша төлеп, соғысқа жіберуге мәжбүр болды. Одан басқа: Шетелдік еңбек мигранттары мен туристерді «вербовка» жасап, ақша ұсынып, соғысқа алдап жіберіп жатқаны және факт.
Нұргелді ӘБДІҒАНИ.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!