Қырғызстанда ел астанасын көшіру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды, – дейді halyqline.kz тілшісі.
Қырғызстан парламентінің депутаты Бақытбек Марипов ел астанасын басқа қалаға көшіріп, министрлер кабинетін сонда орналастыруды ұсынды. Депутаттың пікірінше, осылайша Бішкектегі түтін мен көлік кептелісі мәселесін шешуге болады.
«Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып жатыр. Оған 10 миллиард доллар инвестиция тартылуда. Ал Бішкектен темір жолды көшіруге 550 миллион доллар қажет. Айналма жолдың құрылысымен бірге бұл сома 1 миллиардтан асады», – деді депутат.
Депутат Мариповтың айтуынша, астананы Бішкектен көшіріп, үкіметті сол жаққа жіберу керек. Сонда ғана жол кептелісі азаяды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!