Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды.
Кеше Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.
Фото: Ақорда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!