Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарақалпақстанда 18 адам қайтыс болып, 243-і жараланды

04.07.2022, 15:25 231

HALYQLINE.KZ

Нөкісте халық толқуы кезінде 243 адам жараланған. Оның ішінде 38-і құқық қорғау органдарының өкілі. 18 адам қайтыс болды. 4 шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы осындай мәліметтер келтірді. 

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Ұлттық гвардия баспасөз қызметінің басшысы Даврон Жуманазаров тәртіпсіздік кезінде 516 адам ұсталғанын айтқан. Оларға қатысты қазір тергеу ісі жүріп жатыр деген.

«1-2 шілде күні әртүрлі жарақатпен 243 адам ауруханаға түскен. Олардың 149-ы алғашқы көмектен кейін үйіне қайтқан. Қазір ауруханада 94 емделуші емін жалғастырып жатыр. Олардың арасында құқық қорғау органдарының өкілдері де бар», – деді Жуманазаров.
Қазір Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: