Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала жер астына түсіп кетуі мүмкін

24.02.2025, 10:00 61

Бразилиядағы тұтас бір қала жер астына түсіп кетуі мүмкін. Бразилия билігі елдің солтүстігіндегі Буритикупу қаласы елді мекен тау жыныстарының опырылуы салдарынан жер астына түсіп кетеді деген қауіпке байланысты аталған аумақта төтенше жағдай жариялады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті шешім ел үкіметінің баспасөз бетінде жарияланды.

«Табиғи апаттар туралы формулярда сипатталған аумақтарда қоғамдық апаттың режимі танылсын», – делінген құжатта. 

Муниципалитет бұған дейін Буритикупуда қатты жауған жаңбыр көшкін қаупін арттырғаннан кейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсету үшін федералды үкіметтен қосымша қаражат сұрай алады.

Қазіргі таңда қауіпті аймақта 250 үй бар.

G1 порталының жазуынша, Буритикупуда тау жыныстарының біртіндеп опырылуы 30 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді және осы уақыт ішінде 70-тен астам үй жер астында қалған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: