HALYQLINE.KZ Блогерлер ораза айындағы мұсылмандардың өз парыздарына беріктігін тексеру үшін ерекше сауалнама өткізді. Бұл туралы Taunews.kz сайты жазды.
Юсуф Кабани мен Крестьян Лондон көшелеріне шығып, мұсылмандарға Рамазан айында ораза ұстаған-ұстамағандарын сұрады. Олар «иә» деп жауап берген жағдайда оразаны бұзуды, сол үшін сыйлық ретінде жаңа «iPhone 12 Pro Max» алатындарын айтты.
Сауалнамаға қатысқан барлық мұсылмандар блогерлердің бұл ұсынысына қатты таң қалып, мұндай күнә жасаудан бас тартты. Осы кезде Юсуф пайда болып, ол iPhone-ның жаңа моделін алу үшін су ішіп, оразаны бұзуға қарсы еместігін көрсетті. Бұны көріп тұрған сауалнамаға қатысушы мұсылман Юсуфты бұл қадамнан бас тартуға көндіруге тырысты. Тіпті бір мұсылман Юсуфқа егер ол оразасын бұзбаса, дәл сондай айфон алып беремін деп уәде еткен.
Мұслымандық парыздарына беріктігі үшін сауалнамаға қатысушылардың әрқайсысына 12-ші iPhone сыйлық ретінде берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!