Биыл Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарлауы мүмкін.
Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Елшінің айтуынша, нақты күндері әзірге белгіленбегенімен, сапар міндетті түрде жүзеге асады. Елші екіжақты күн тәртібіндегі стратегиялық серіктестік, интеграция және бірлескен жобалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мемлекет басшыларына есеп беруге негіз бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барған болатын.
Фото: akorda.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!