Ресей президенті Владимир Путин Евгений Пригожинмен, сондай-ақ «Вагнер» ЖӘК командирлерімен кездесті. Бұл кездесу қарулы көтеріліс жасау әрекетінен бірнеше күн өткеннен кейін болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 29 маусымда Владимир Путин «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен және «Вагнер» командирлерімен кездескенін хабарлады.
Кездесу Ресейдегі қарулы көтеріліс жасау әрекетінен кейін бес күн өткен соң болған.
«Шынында, президент осындай кездесу өткізді. Кездесуге 35 адам, барлық отряд командирі мен компания басшылығын шақырды. Оның ішінде Пригожиннің өзі де бар. Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде болды. Кездесу үш сағатқа жуық уақытқа созылды», – деді Песков.
Кремль баспасөз хатшысының сөзінше, кездесудегі әңгіменің анық-қанығы белгісіз.
«Біздің бір айта алатынымыз, президент компанияның арнайы әскери операция кезіндегі майдандағы әрекеттеріне, сондай-ақ 24 маусымдағы оқиғаға қатысты өз бағасын берді. Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, алдағы уақыттағы жұмысқа орналасу нұсқалары және әрі қарай еңбек қолданысы бойынша ұсыныс айтты», – деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!