Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент ауруханаға түсті

14.04.2025, 7:30 154

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару өзін жайсыз сезініп, ел астанасы Бразилияға арнайы медициналық ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ол жұма күні солтүстік-шығыс өңірге сапары кезінде өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен.

Дәрігерлердің мәліметінше, ол 2018 жылы сайлауалды науқан кезінде пышақ жарақатын алған.

Болсонару пышақ жарақатынан кейін бірнеше рет ауруханаға түскен. 2019-2022 жылдары елді басқарған кезінде бірнеше ота жасалды.

“Соңғы жылдары мұндай жағдайларға үйреніп қалғам. Ауырсыну мен жайсыздық – мен үшін қалыпты дүние. Бірақ бұл жолы тіпті дәрігерлердің өзі таңғалды”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы бақылап жүрген дәрігері бұл жолғы жағдайды “шабуылдан кейінгі ең күрделі жағдай” деп бағалаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: