Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пойыз билеттері қымбаттайды

27.01.2026, 10:00 44

Алдағы ақпан айынан бастап Өзбекстанда жүрдек пойыздардың билеті 15 пайызға қымбаттайды.  Өткен жылы теміржол билетінің бағасы 20 пайызға қымбаттаған болатын. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

Жолаушылар арасында ең тартымды бағыт Ташкент-Самарқан жүрдек пойызының эконом санаттағы орындары – 311 мың сум, теңгемен 12 мың 984, ал VIP орындар 29 мың 600 теңге.

Сонымен қатар «Шарк», «Насаф» және «Өзбекстан» пойыздарында да жолақы құны өседі. Бағаны көтеру арқылы теміржол компаниясы, инфрақұрылымды жаңартып, электр қуаты мен жанар-жағармай шығындарының орнын толтырмақ.

Фото: asia24.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: