Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пито» құлады, «Вазелин» ұсталды: Жапаров Тәшиевтің кадрларын жаппай құрықтап жатыр…

18.02.2026, 10:25 49

HALYQLINE.KZ

Қырғызстан Президенті Жапаров күштік блокты талай жылғы үзеңгілесі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің адамдарынан тазартуға кірісті деп жазады ertenmedia.kz.

«Тазарту операциясы» едел-жедел жүруде. Бұған дейін Қамшекеңнің оң қолы саналған комитеттің Бішкектегі «кураторы» Елдар Жақыпбеков ұсталған еді.

Ал мына видеода Тәшиев-Жақыпбеков тандемінің сенімді өкілі, комитеттің 6-шы бөлімін басқарған Сыдық Дүйшенбиевтің ұсталған сәтін көруге болады. Ел ішінде «Пито» деген лақап атпен танылған Дүйшенбиев жоғарғы басшылықтың ең лас тапсырмасын орындаған.

https://www.instagram.com/reel/DU0deF8DZJo

Тәшиевтің тұсында 6-шы бөлімнің құзыреті кеңейіп, салдарынан Антикоррупциялық комитет қысқарып тынған еді.

Дүйшенбиевтен бөлек Тәшиев командасына жататын тағы бір ықпалы тұлғаның ұсталғаны белгілі болды. Шу облысында «Вазелин» лақап атымен танылған атышулы тергеуші таңға жуық құрықталған екен.

Айта кетелік, күні кеше көлемді сұхбат берген Жапаров Тәшиев туралы пікір білдіріп, «ол енді мемлекеттік қызметке қайтып келмейді» деген-тін. Бұдан бөлек Тәшиевті дәріптеген қауымды қатаң жаза күтіп тұрғанын меңзеген болатын.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: