Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзінің жеке «жынойнағы» болған құл

20.11.2025, 6:00 95

HALYQLINE.KZ

ХІХ ғасырда Бразилияның Сан-Паулу штатында Роке Жозе Флоренсио деген құл өмір сүрді. Ол Анголада 1830 жылы дүниеге келген. Жас кезінде оны ақ нәсілді саудагер адамдардан қашып жүрген жерінен ұстап алып, Бразилияға әкеліп сатып жіберді. Оның жаңа қожайыны ірі плантациясы бар құлиеленуші Хоаким де Оливера болды. 1850 жылы құл сатуға тыйым салынғаннан кейін бұл кәсіпкер құлдарды қолдан көбейтуді қолға алды. Сол кезде Роке Жозені жаңа есімі Пата Сека деп құжатпен рәсімдеп алған Оливера оны құл адамды «өндіру» үшін таңдап алды. Оның бойы 2 метр 18 сантиметр болды және жұмыс істегенде шаршамағандықтан, Пата Секаны бөлек оқшаулап, «жынойнақ» (гарем) ашып, ірі денелі қыз-келіншекті алдына салып берді. Оларға арнайы дәрігер бөлінді, жүкті болғанын анықтаған соң оқшауланып, босанғанша күтім жасалды. Орнына басқа әйелдерді әкеліп тұрды. Осылайша плантация иесі Пата Секаны өзі сияқты қайратты құл жасап шығару үшін «бұқа» орнына пайдаланды. Плантация иесі Оливера үшін құлдар көп керек еді. Замандастарының айтуынша, Секадан шамамен 250-300 бала дүниеге келген екен.

1888 жылы Бразилияда «Құлдықты жою туралы» Заң шыққаннан кейін, Оливера Секаға риза болып, еңбекақысына жер береді. Қара күш иесі кәсібін дөңгелетіп, ауқаттылар қатарына қосылған соң 78 жасында үйленіп, 9 баланың әкесі болады. Жасы 130-ға келіп қайтыс болғанда, соңғы сапарға шығарып салу үшін 1000-нан астам адам келген. Жергілікті халықтың айтуынша, ауыл тұрғындарының әрбір үшіншісі Пата Секаның ұрпағы екен.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: