HALYQLINE.KZ Гүлістан қаласындағы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдейтін орталықта оттегі баллоны жарылып, кемінде бір адам қайтыс болған. Осылай деп Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.
Алайда әлеуметтік желілерде кемінде он адам көз жұмды деп жазып жатыр. Қайтыс болғандардың арасында жасанды жолмен тыныс алу аппаратына қосылғандар да бар делінген. Бірақ бұл ақпараттар әзірге ресми расталмады. Азаттықтың өзбек қызметінің зерттеуі бойынша, Covid-орталықта емделіп жатқан екі науқастың денесі туыстарына берілген.
– 7 қазанда күндіз медбике келіп, бас дәрігер ковид-орталыққа шақырып жатыр деді. Мен көшеге шыққанда, бас дәрігердің өзі тұр екен. Ол менің туысымның қайтыс болғанын айтты. Мен онымен қазір ғана сөйлескенімді, жағдайы жақсы болғанын айттым. Бас дәрігер ковид-орталықта қайғылы оқиға орын алғанын айтып, туысымның денесін алып кетуімді сұрады. Оның денесінде ешқандай жарақат болмады, – деді 43 жастағы марқұмның туысы.
Ол мәйітханаға барғанда, еденде жатқан ондаған адамның денесін көргенін айтты.
Азаттықтың өзбек қызметі редакциясына түскен ақпаратқа сәйкес, 7 қазанда жарылыс кезінде 50 жастағы тағы бір әйел қайтыс болған. Бірақ бұл мәлімет ресми нақтыланбады.
Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Юлдашев оттегі баллоны жарылғаннан «Алпомиш» спорт кешенінде ашылған Covid-орталықта бір адам қайтыс болды деп мәлімдеді.
– Тек бір адам қайтыс болды. Ол оттегі беретін цехта жұмыс істеген. Басқа ешкім қайтыс болмады. Мен өзім сол жерде болдым, – деді облыстық басқарма басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!