Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбек депутаты: қызыл ту көтеру – өзбек халқын «қорлау»

03.05.2021, 14:30 633

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыровтың (суретте) мәлімдеуінше, оның партиясы Ташкенттегі «Истиклол» өнер сарайы алдындағы концерттегі «арандатушылықты» қатаң түрде сынайды. Бұл туралы Азаттық радиосы ақпарат таратты.

Қадыров Telegram-арнасында жариялаған мәлімдемесінде «Миллий тикланиш» партиясы өнерге қарсы шықпайтынын, бірақ өнерді саясатта қару ретінде пайдалануды қолдамайтынын айтты.

«Біз өнерге қарсы емеспіз, біз өнердің саяси қаруға айналуын қаламаймыз. Астананың қақ ортасында біздің ата-бабаларымызды, өзбек зиялыларын қырған, басқыншы Совет мемлекетінің туын көтеруін өзбек халқын қорлау деп есептейміз», – деді Әлішер Қадыров.

Партия төрағасы Бас прокуратураның «арандату әрекетіне берген бағасын» күтіп отырғанын мәлімдеді.

КСРО-ның қызыл туы 1 мамырда «Хор Турецкого» және Сопрано (Ресей) ұжымдарының концерті кезінде желбіреген. Бұл концерт «Истиклол» өнер сарайы алдындағы алаңда «Жеңіс әндері» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Қызыл туды көтеру сәтінде түсірілген сурет концертті ұйымдастырушылардың бірі – «Россотрудничествоның» Өзбекстандағы мекемесінің парақшасында жарияланды. Ресейдің Өзбекстандағы елшісі қызметіне жақында ғана тағайындалған Олег Мальгинов «Жеңіс әндері» концертінде сөз сөйлеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: