Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Nexta Лукашенконың байлығы туралы деректі фильм жариялады

09.03.2021, 15:00 522

HALYQLINE.KZ Беларусь оппозициялық Nexta ақпарат құралы «Алтын ор» деп аталатын деректі фильмін жариялады. Онда зерттеу авторлары Александр Лукашенконы жемқорлық әрекеттер жасады деп айыптаған.

Танымал Nexta телеграм-каналы бір аптаға жуық уақыт хабар таратпады. Соған байланысты түрлі болжамдар айтылған. Бірақ дүйсенбі күні таңертең Nexta Лукашенконың байлығы туралы фильмді таныстыратынын хабарлады.

Nexta зерттеуінің басты өзегі – Лукашенко Беларусьтағы мемлекеттік резиденциялардың көбісін «жекешелендіріп алған», олардың арасында Тәуелсіздік сарайы да бар. Лукашенко ел президентіне тиесілі авто және әуе көліктерін жеке мақсатына падаланады. Бұған қоса, Лукашенко шетел кәсіпкерлерінен қымбат сыйлық алады. Фильм авторлары бұны жемқорлық деп атаған. Фильмде ресейлік кәсіпкер Михаил Гуцериевтің есімі аталған.

Лукашенко жеке байлығы жоғын, пайдаланатын заттарының бәрі мемлекетке тиесілі екенін айтып жүр. «Менің «сарайым» бар. 7-8 шаршы метрлік. Сонда анам екеуміз тұрдық. Соны мен «сарай» деп атаймын», – деп мәлімдеген Лукашенко өткен аптада.

Биыл қаңтарда Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры Ресей президенті Владимир Путиннің зәулім сарайы туралы зерттеу фильмін жариялады. Фильм ютубте 100 миллионнан астам мәрте қаралған. Путин бұл сарайға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеген. Артынша кәсіпкер Аркадий Ротенберг фильмде көрсетілген сарайды өз меншігі екенін айтқан.

Суретте: Лукашенко Минскіде жаңажылдық балда билеп жүр.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: