Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұғалімдер 4 күн жұмыс істейді

12.12.2025, 9:15 45

HALYQLINE.KZ

Шотландия мұғалімдерге төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізбек. Бұл – жай эксперимент емес, ұстаздардың жүктемесін азайтып, мамандықтың беделін арттыруға бағытталған қадам.

Үкіметтің жоспары бойынша, қанатқақты жоба аясында сабақ тек төрт күн болмақ. Ал дайындық, жоспарлау, оқушылардың жұмыстарын бағалау сияқты толып жатқан көзге көрінбейтін еңбек мектептен тыс жерде атқарылады. Негізгі мақсат – мұғалімге еркіндік берсе, оқу сапасы да жоғарылайтынын дәлелдеу. Жоба ұстаздардың күйзеліс деңгейіне, мамандардың мектепте тұрақтап қалуына, білім сапасына қалай әсер ететінін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Айтолған  ЖҮНІСХАН.

egemen.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: