Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Корея президенттері қандай мәселені қарастырған?

29.03.2022, 17:56 464

Дүйсенбі күні (28 наурыз) Ақ үйде Оңтүстік Кореяның 12-нші президенті Мун Чжэ Ин мен жаңадан сайланған президент Юн Сок Ёль кездесті. Қалың жұртшылықтың назары Юн Сок Ёль экс-президент Ли Мен Бак туралы сөз қозғай ма деп күтті. Айта кетейік, Ли Мен Бак 17 жылға DAS компаниясынан 25,2 млрд вон (21,18 млн доллар) ұрлағаны үшін һәм жемқорлық бойынша бас бостандығынан айырылған еді. Алайда келелі кездесуде көпті күттірген мәселе туралы ештеңе айтылмаған. Юн Сок Ёль Мун Чжэ Иннан экс-президент Ли Мён Бакқа амнистия жасауды өтінбепті. Енді түйткілді мәселенін түйінін кім тарқататыны түсініксіз. Ал, жаңа мемлекет басшысының инаугурациясы 10-ншы мамырда өткізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: