Фото: cbc.ca / Nikki Valentine
Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың нақты себептері анықталған жоқ.
Канадада ұшақ апатты жағдайда қону кезінде өртеніп кетті.
Канаданың Галифакс қаласының әуежайында PAL Airlines әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қону кезінде өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Air Canada әуе компаниясының 2259 рейсі Сент-Джонс қаласынан Галифаксқа ұшып бара жатып, қону кезінде қанатымен ұшу-қону жолағына соғылып, өрт шықты. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрт бірнеше минуттың ішінде ауыздықталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!