Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Испания премьері соғысқа не үшін ортақтасқысы келмейтінін түсіндірді

04.03.2026, 17:30 37

Педро Санчес Испанияның неге АҚШ-қа әскери базаларын пайдалануға тыйым салғанын түсіндірді. Оның айтуынша, Мадрид ешқандай жағдайда өзге елдің әскери қимылына ортақтас болмайды.

Бұл мәлімдеме Испания аумағындағы, АҚШ-пен бірлесіп басқарылатын әскери нысандарды Иранға қарсы операцияларда қолдануға рұқсат берілмегеннен кейін жасалды.

Санчес Испанияның АҚШ пен Израильдің Тегеранға бағытталған соғыс қимылдарын қолдамайтынын ашық айтты. Ол мұндай әрекеттерді «апатты салдары бар операциялар» деп бағалап, бұл ұстанымды тек Испания ғана емес, өзге де бірқатар мемлекет мен миллиондаған азамат бөлісетінін жеткізді.

«Бейбітшілікке зиян келтіретін, біздің құндылықтарымыз бен ұлттық мүддемізге қайшы келетін әрекеттерге тек біреудің қысымынан қорқып, серіктес бола алмаймыз» деді Санчес халыққа арнаған үндеуінде.

Бұған дейін Испания билігі АҚШ-тың өз базаларын Иранға соққы жасау үшін пайдалануына ресми түрде шектеу қойған еді. Ал Дональд Трамп Мадридтің бұл қадамын «өте оғаш әрі теріс әрекет» деп бағалап, сауда қатынастарын тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.

Фото: masa.media телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: