Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

08.09.2025, 9:47 198

«Хабар 24» телеарнасының журналисі АҚШ президенті Дональд Трамптан Қазақстанға сапары жайлы сұрады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Қазақпараттың жазуынша, бұл сауалға АҚШ басшысы әбден мүмкін екенін атаған.

«Президент мырза, Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай? Орта Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма?» деген сауалға Дональд Трамп толық жауап берген.

«Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет!» – деді Дональд Трамп.

Фото: Ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: