HALYQLINE.KZ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты.
«Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағжайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.
Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі – трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды», – деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!