Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрынғы премьер-министр оққа ұшты

08.07.2022, 15:05 453

HALYQLINE.KZ

Жапонияның 67 жастағы бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абе Нара университетінің ауруханасында қайтыс болды. Оған Нара қаласында қастандық жасалған болатын, деп хабарлайды Kyodo News.

Айта кетсек, Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет – 2006-2007 және 2012-2020 жылдары аралығында атқарды. Ол бұл қызметті ел тарихында ең ұзақ уақыт атқарған шенеунік болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, Нара қаласында көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын.

Жараланған Синдзо Абэ шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Нара университетінің ауруханасы экс-премьердің өздеріне жеткізілгенін растаған.

Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдары Синдзо Абэге оқ атқан адамның кім екені анықталғанын хабарлады. Күдікті – Нара қаласының тұрғыны Тэцуя Ямагами. Ол 2005 жылға дейін жапон теңіз флотының өзін-өзі қорғау күштерінде үш жыл қызмет еткен. Тұтқындау кезінде ер адам қарсылық көрсетпеген.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде саясаткерге қастандық жасалған сәтінен видеолар жарияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: