Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Беларусь Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады

27.01.2025, 9:30 80

HALYQLINE.KZ

Белоруссияның қазіргі басшысы Александр Лукашенко жетінші президенттік мерзімге қайта сайланып жатыр – Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дауыс берудің алдын ала нәтижелерін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Игорь Карпенко баспасөз мәслихатында мәлім етті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі президентке сайлаушылардың 86,82 пайызы дауыс берген.

Лукашенконың өзі сайлау басталған күні таңертең дауыс беріп, 4,5 сағатқа созылған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол әзірге орнын басар адам жоқ екенін айтқан.

«Біз әзірге осы сайлаумен өмір сүріп жатырмыз, сайлаудан кейін ойланамыз», – деді ол.

Айта кетейік, президенттікке Лукашенкодан басқа төрт үміткер қатысқан:

өкілдер палатасының (парламенттің төменгі палатасы) депутаты, Либералдық-демократиялық партияның (ЛДП) жетекшісі Олег Гайдукевич – 2,02% дауыс жинады;

кәсіпкер, 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысқан Өкілдер палатасының бұрынғы депутаты (2016–2019) Анна Канопацкая (48 жаста) – 1,86%;

2024 жылғы мамырдан бастап Коммунистік партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Өкілдер палатасының бұрынғы депутаты Сергей Сыранков – 3,21%;

Республикалық еңбек және әділет партиясының төрағасы, Минск қаласы депутаттар кеңесінің депутаты Александр Хижняк – 1,74%.

Беларусь халқының 3,6 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

Фото: static.irk.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: