Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқа уақытпен жүретін топ 7 ел

12.03.2026, 6:00 38

Біз өмір сүріп жүрген 2026 жылда емес, басқа жыл санау жүйесімен өмір сүріп жатқан топ 7 елді білесіз бе?

Жетінші орында – Жапония елі. Сіз қазір Жапония елінде 8-ші жыл екенін білдіңіз бе? Ешкім ешқашан сегізінші жылға қайта алмайды, ал жапондықтар қайтады. Себебі, олар жыл санауды әрбір жаңа императордың билікке келген күнінен бастап есептейді. Ал қазіргі император 2019 жылдан бері билік етіп келеді.

Алтыншы орын – Тайвань. Тайваньда қазір 115 жыл. Неге? Өйткені, тайвандықтар жыл санауды 1912 жылдан бастап есептейді, яғни мемлекет құрылғаннан бастап.

Бесінші орында – Иран елі. Олардың күнтізбесінде қазір 1404 жыл, нағыз ортағасырлықтар секілді. Бұл Хиджра күнтізбесі деп аталады. Және Мұхаммед пайғамбар мен алғашқы мұсылмандардың  Меккеден  Мединаға  қоныс  аударған  күнінен  бастап  есептелінеді.

Ал, топ 4-орында – Эфиопия. Қазір бұл елде 2018 жыл. Әрине, қалжың емес, бірақ оларда covid-19 болмаған боп шығады. Эфиопиялықтардың күнтізбесі біздің елдегі Григориан күнтізбесімен  бір  негізге сүйенеді. Бірақ, күндерді есептеу жүйесі басқаша болғандықтан, 8  жылға  артқа  қалып  қойған. Айта кетейік, бұл елде 1 жылда 13 ай бар, сондай-ақ, тәулік түн  ортасында  емес, күн  шыққанда  басталады.

ЕНДІ  ҮЗДІК  ҮШТІККЕ КӨШЕЙІК

Үшінші орында – Непал елі. Міне, енді болашаққа да жеттік. Непалда қазір 2082 жыл. Бұл күнтізбе аңызға айналған үнді императоры Викрамның билік ете бастаған күнінен бастап санал­ады.

Екінші орын – Таиланд елі. Туристік орындардың топ үздіктерінен түспей жүрген бұл елде қазір 2569 жыл. Дәл осынша уақыт олардың дәстүрі бойынша Будданың оринирваннасынан бері  өтті.

Ал, алдыңғы орында 6 мың жылдықта өмір сүріп жатқан ел тұр. Себебі, бұл елде жыл санау әлемнің  жаратылған  күнінен  бастап  есептелінеді.

Бұл – Израиль. Қазір Из­раиль­де  5786  жыл.

Қызықты керек-дерегіміз  кә­деңі­зге  жарасын, оқырман!

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: