Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байден өзінің ұлы Хантерге рақымшылық жасады

02.12.2024, 12:20 127

HALYQLINE.KZ

АҚШ Президенті Жо Байден заңсыз қару сақтаған және салық заңнамасын бұзды деген айып тағылған ұлы Хантер Байденге кешірім жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Ақ Үй жариялаған мәлімдемеде Жо Байден өзінің президенттік мерзімінде Әділет Департаментінің қызметіне қатыспаса да, ұлына тағылған айыптарда саяси астары бар деп санайтынын айтты.

Мәлімдемеде Хантерге тағылған айыптар оның туыстық байланысына және қарсыластарының қысымына әсер еткен сот қателіктері екендігі баса айтылды.

Ақ Үйдің басшысы жұртшылық оның шешімін әке ретінде де, президент ретінде де түсінетініне сенім білдірді.

Хантер Байден 2018 жылы Colt Cobra 38 Special тапаншасын сатып алуға берген құжаттарында есірткі қолданбайтынын жазған. Алайда 2015-2019 жылдар аралығында ол өзінің есірткіге тәуелді болғанын естеліктерінде жазды және ашық айтты.

АҚШ заңнамасына сәйкес, есірткіге тәуелді адамға қару ұстауға тыйым салынады.

Сонымен бірге ол 2016-2019 жылдар аралығында 1,4 миллион доллар салық төлемегені үшін де айыпталыпты. Соңында қарызын өтегенімен, 17 жылға бас бостандығынан айырған екен.

Өткен қыркүйекте Хантер Байден өз қателіктерін мойындаған болатын.

Жоғарыдағы жарлыққа сәйкес, Хантер Байден 2014-2024 жылдар аралығында жасаған қылмыстары үшін де кешірімге ие болды.

Хантер Байден әкесінің кешірімінен кейін бүкіл өмірін есірткіге тәуелді адамдарға көмектесуге арнайтынын айтты.

АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп Жо Байденнің бұл шешімін билікті асыра пайдаланудың және Сот төрелігіне кедергі келтірудің жиіркенішті мысалы ретінде қарайтынын айтты.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: