Қытай вирустың қаупі жайында мәліметтерді жасырғанымен, басқа елдердің үш зертханасы коронавирус ерекшелігін анықтады. Бұл жайында Associated Press (AP) агенттігі хабарлады, деп ақпарат таратады centralasian.org
«Биыл қаңтар айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымы Бейжіңді коронавирус белгілері шыққанда бірден әрекет етті деп құптағанымен, шын мәнінде Қытай мұндай құрметке лайық емес еді. Бейжің шын мәнінде бірден тез әрекет етпеді. Қытай билігі вирусқа қатысты мәліметті барынша құпия ұстауға тырысты» деп жазады AP.
Қытайдың үкіметтік зертханалары тек 11 қаңтарда вирусология туралы сайтта мәлімет жарияланғаннан кейін барып ақпарат таратқан. Бірақ осыдан кейін де Қытай билігі екі апта бойында вирустың қаупі жайында ақпарат бермеген. Дер кезінде мәлімет берілгенде, мұншалықты адам өлімі болмайтын еді деп санайды AP.
ДДСҰ-ның ресми өкілдері Қытайды қажетті ақпарат алуы үшін мақтаған болуы керек деп санайды AP дереккөзі. Бірақ Қытай билігі вирусқа қатысты мәліметпен бөліспеген.
ДДСҰ-ның жабық отырысы кезінде америкалық эпидемиолог Мария Ван Керкхове да вирусқа қатысты жан-жақты мәлімет жеткіліксіз, қажетті ақпаратсыз коронавирусқа қарсы шараларды қолға алуға болмайды деген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!